Қазақ елі мәртебесінің алыс-жақынға аспандап көрінуіне атсалысып жүрген «Егемен Қазақстанның» орны бөлек. Ауылдағы аталарымыздың: «Аттан аттың несі артық, қазанаты бір басқа. Адамнан адамның несі артық, азаматы бір басқа», деп отыратынын да ұмытқан жоқпын. Сол ауызы дуалы ақсақалдар айтқандай, нарықты жаулап алған әлем-жәлем газет-журналдардың арасынан қазақ баспасөзінің осы қара-шаңырағы ғана қазанат пен азамат жүгін арқалап жүр дегім келеді. Неге? Қалай? Қайтіп? Бұл сауалдарды ойлы оқырманның өздері талдап, өздері саралауын қалаймын.

Ал айтпағым, атамыз бен әжеміз, әкеміз бен анамыз оқыған, олардан кейін өзіне біздің назарымызды аударған ата басылымның беделі ел тәуелсіздігі тұсында тіпті көтеріліп кетті. Таралымы бүгінде 200 мың данадан асты. Интернеттегі оқырмандары қаншама! Жағымды жаңалық, салиқалы сөз, терең талдау, ащы сын бәрі осында. Бодандық пен бостандық шежіресі, мәдениет, әдебиет, поэзия, театр, кино, ән, сән, тіл, дін, салт-дәстүр, спорт мәселелері дейсіз бе, бәрін табасыз. Заң, жарнама, әжуә, мысқыл да бар. Сондықтан бұл газет, зиялы қауымды айтпағанда, әсіресе, әкім, бастық, кәсіпкер, шенеунік, ұстаз, дәрігер және басқа сала азаматтарына да өте керек. Болашақта мемлекеттік қызметкер боламын деп жүрген жастар оқыса тіпті жақсы. Өйткені, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел болашағымызға керекті барлық бағыт-бағдары осы газеттің бетінде айқын көрініс тапқан.
Біздің аудан тұрғындары өткен жылы ұйымшылдық танытып, 1308 дана «Егемен Қазақстан» газетіне жазылған болатын. Сол жақсы дәстүрді биыл да жалғастырып, қазірдің өзінде 1200 дана «Егемен Қазақстан» газетіне жазылып отыр. Осы жаңалықты қуанышпен хабарлай отырып, аудан халқының келесі 2014 жылға 2000 данаға жуық «Егемен Қазақстан» газетіне жазылуды межелеп отырғанын жеткізгім келеді.
Рүстем РЫСБАЙ,
Жамбыл ауданының әкімі.
Жамбыл облысы.