• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Қаңтар, 2021

Түркия президенті АҚШ-тағы оқиғаға байланысты пікір білдірді

768 рет
көрсетілді

8 қаңтар күні жұма намазынан кейін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Демократияның бесігі» деп аталатын АҚШ-тағы оқиғалар әлемді дүрліктірді. Капитолий маңында болған тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын және жарақат алғандардың сауығып кетуін тілеймін. Сондай-ақ Джо Байденнің 20 қаңтарда өтетін ант беру рәсімі Трамптың мәлімдемесінде айтылғандай бейбіт өтеді деп үміттенемін», - деді Түркия президенті.

Еске сала кетейік, Трамп туиттердегі жазбасында 20 қаңтар күні өтетін инаугурацияға бармайтынын жазды.