• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №987

242 рет
көрсетілді

2013 жылғы 19 қыркүйек  Астана, Үкімет Үйі«Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалықрегламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің2010 жылғы 28 мамырдағы № 491 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 491 қаулысына (Қазақстан Рес­публикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 35, 285-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«2. Осы Техникалық регламент қолданылатын, сәйкестікті міндетті растауға жататын тыңайтқыштардың тізбесі және Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) сэйкес сыныптамасы бойынша олардың кодтары осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген»;2) техникалық регламентке қосымшада:1-бағандағы «ҚР СЭҚ ТН коды» деген сөздер «КО СЭҚ ТН коды» деген сөздермен ауыстырылсын;мына:«3104 90 000 0 – өзгелері

»;деген жол алынып тасталсын;мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:«3104 90 000 – өзгелері:3104 90 000 1 – карналлит3104 90 000 9 – өзгелері

мына:«3105 20 – үш қоректі элементтерден: азоттан, фосфордан және калийден тұратын минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар:3105 20 100 0 – құрғақ сусыз өнімге шаққанда құрамында 10 мас.%-дан астам азоты бар3105 20 900 0 – өзгелері

»;деген жолдар алынып тасталсын;мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:«3105 20 000 0 – үш қоректік элементтерден: азот, фосфор және калий бар минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар:

»;мына: «3105 60 – екі қоректік элементтен: фосфор және калий бар минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар3105 60 100 0 – калий суперфосфаттары3105 60 900 0 – өзгелері

»;деген жолдар алынып тасталсын;мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:«3105 60 000 0 – екі қоректік элемент: фосфор және калий бар минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар

»;2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар