• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Қаңтар, 2021

Индонезияда 60-тан астам жолаушысы бар ұшақ жоғалып кетті

338 рет
көрсетілді

Индонезияның Sriwijaya Air авиакомпаниясының Джакартадан Понтианакқа ұшып бара жатқан ұшағымен байланыс ажырап қалды, - деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"SJ182 рейсінен ADS-B сигналы UTC уақыты бойынша 07.40.27-де жоғалды. Ұшақ Джакартадан Индонезиядағы Понтианакқа ұшып бара жатқан", - делінген хабарламада.

Бір минуттан аз уақыт ішінде ұшақ 10 мың футтан аса биіктік жоғалтқан. Оқиға лайнер Джакартадан шыққаннан кейін 4 минуттан соң болды.

Жергілікті газетте ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала мен нәресте бар екені жазылды.

Индонезия билігі іздестіру-құтқару операциясының басталғанын хабарлады.