• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Қаңтар, 2021

ТүркПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Қазақстан Президентінің идеясын қолдайтынын білдірді

135 рет
көрсетілді

ТүркПА үйымының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының халықаралық қатынастардағы өзара сенімді нығайта түсуде маңызы зор екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық Түркі академиясы 8 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырған «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» халықаралық конференциясында арнайы баяндама жасаған ТүркПА Бас хатшысы бірқатар шетелдік саясаткерлердің арандатушы мәлімдемелеріне қатысты ойларымен бөлісті:

«Бүгінде халықаралық қауымдастық соңғы онжылдықтағы ең өткір сенім дағдарысын бастан өткеруде. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы біздің елдеріміз аймақтық және жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайта түсуге бағытталған бірқатар бастамалар арқылы оңтайлы жауап бере алады.

Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың соңғы оқиғалар тұрғысынан шындығында да өте өзекті мәселелерді көтерген әрі Қазақстанның алдағы даму бағдарын айқындай түсетін мақаласын айрықша атап өтуге болады» деді ол.

Айта кету керек, онлайн-оффлайн режимде өткен шараға 20-дан астам мемлекеттен ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ, түркі елдерінің бірқатар ресми тұлғалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.