• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2021

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беру басталды

463 рет
көрсетілді

Қазақстанның 9 өңірінде, соның ішінде республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Конституциялық мерзімге сәйкес өтіп жатқан Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия, атап айтқанда, «Nur Otan» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» депутаттық мандаттан үмітті. Бұл партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға да өз кандидаттарын ұсынған.

Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат ұсынылды:

«Nur Otan» партиясынан 126;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 19;

«ADAL» саяси партиясынан 16;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан 38;

«Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам бар.

Ал жергілікті мәслихаттардан 832, соның ішінде «Ауыл» ХДПП-дан – 158, «Nur Otan» партиясынан  216, «ADAL» СП-нан – 215, «Ақ жол» ҚДП-нан – 174, «Қазақстан Халық партиясынан» 69 партиялық тізім тіркелді.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7:00-20:00 аралығы) болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де – Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:00-де ашылады.