• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 10 Қаңтар, 2021

Токио мен Сеулдегі қазақстандықтар дауыс беріп жатыр

180 рет
көрсетілді

Қазақстанның Жапониядағы және Корея Республикасындағы елшіліктеріндегі сайлау учаскелері өз жұмысын бірінші болып бастады, деп жазады Egemen.kz  

Токиодағы № 261 және Сеулдегі № 258 сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-де дауыс беруге ашылды.

– Бұл елдердегі қазақстандықтардың өздерінің сайлау құқығын бірінші болып жүзеге асыруға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің телеграмм канал арнасы.

Шет елдерде барлығы 53 сайлау учаскелері болады, олардың тізімі мен мекен-жайы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтында жарияланған.