• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 10 Қаңтар, 2021

Тимур Жақсылықов: Сайлаудың басты ерекшелігі - саяси плюрализм

556 рет
көрсетілді

Парламенттік сайлаудың нәтижелері плюрализмнің, демократияның және азаматтық қоғамның дамуындағы маңызды кезең болады. Бұл пікірді Мәскеудегі сайлау учаскесінде дауыс берген Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі,Тимур Жақсылықов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездескен кезде айтты, деп жазады Egemen.kz.

Т.Жақсылықов атап өткендей, қазіргі парламенттік сайлау Қазақстан парламентаризмінің дамуы мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси реформаларды жүзеге асырудың маңызды кезеңі болып табылады.

«Сайлаудың әйелдер мен жастарға арналған квотаны ескере отырып өткізілуі ерекше маңызды. Бұл бастама қалың бұқараны елдің саяси өміріне белсенді тартуға бағытталған. Мүмкін парламенттік сайлаудың басты ерекшелігі - көп партиялы жүйенің дамуы және саяси плюрализм», деді ол.

Осы ретте Т.Жақсылықов парламенттік сайлау нәтижесінде лайықты саясаткерлер өтеді және біз отансүйгіштік, қазақстандық қоғамның мүдделерін одан әрі қорғайтын және жалпы саяси пікірлердің барлық спектрін ұсынатын көптеген жаңа есімдерді көретініне сенімді екенін, бұл  біздің елімізде плюрализмді, демократияны және азаматтық қоғамды дамытудағы өте маңызды кезең болатынын айтып өтті.

Сайлау учаскесінің дайындығы мен жұмысын ұйымдастырудың жоғары деңгейі  де Тимур Жақсылықовтың назарынан тыс қалмады. 

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Пандемия жағдайында Елшілік сайлаудың сәтті өтуі үшін барлық мүмкіндікті жасады, деп түйіндеді Т.Жақсылықов.