• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2021

Атырауда электр желісіндегі апаттан Маңғыстауда да жарық сөніп қалды

139 рет
көрсетілді

Атырау облысында электр желісіндегі апаттан Маңғыстауда да жарық сөніп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстау облысының әкімдігі апаттық жағдайда электр энергиясының сөнуіне байланысты ресми ақпарат таратты. «Атырау облысының аумағындағы «Индер», «Атырау» қосалқы станцияларында орын алған апаттық жағдай салдарынан электр энергиясы жиілігінің төмендеуіне әкеліп, соның салдарынан «КЕГОК» желісінің батыс аймағы бойынша (Атырау және Маңғыстау облыстарында) электр жүйесі тұтас істен шықты.

Салдарынан Ақтау қаласындағы (1,2,3,6,8,13,24 шағын аудандар) және Түпқараған ауданындағы («Дунга», «Акшукыр», «Форт», «Баутино» қосалқы станциялары) және Мұнайлы ауданындағы («Маңғыстау», «Қызылтөбе») аудан тұрғындары жарықтан ажыратылды.

Сағат 18.30 пен 19.45 аралығында Ақтау қаласындағы сайлау учаскелерінің ішінен екі сайлау учаскесі уақытша электр энергиясынан уақытша шектелді. Қазіргі уақытта «КЕGОC» АҚ Атырау облысының аумағында апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, жиілікте қайта орын алған апаттың салдарынан сағат 20.00-де Ақтау қаласындағы 1, 2, 3А, 3Б, 4 және 5 шағынаудандарында жарық қайта сөнді. Жоғарыда аталған Мұнайлы және Түпқараған аудандарындағы қосалқы станциялар электр желісіне қайта қосылу үшін «КЕГОК» АҚ рұқсат күтіп отыр. Бұл мәселе облыс әкімдігінің жіті бақылауында.