Партиялық тізімдер бойынша өтіп жатқан Парламент Мәжілісі және облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттары сайлауы үшін Маңғыстау облысы бойынша 231 сайлау учаскесі жұмыс істеді, оның 14-і вахталық әдіспен жұмыс істейтін кен орындары мен әскери бөлімдердегі жабық сайлау учаскелері.
Теңіз аралдарында орналасқан әскери бөлімдердегі қызметкерлердің дауыс беруін ұйымдастыру үшін тікұшақ бөлінген, дейді арнайы орындар. Маңғыстауда облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарға барлығы 319 кандидат тіркелген болса, оның 131-і әйелдер мен жастар.
Сайлауға Маңғыстау ауданында бірі 100-ге, екіншісі 104-ке келген қос кейуана, көп балалы отбасы, жуырда егіз ұлы дүниеге келген Әлібек Дүйсенов бала-шағасымен барып дауыс берді. Балаларын ертіп бару себебін ол «жастайынан елдік шаралардың маңыздылығын түсініп өсуі қажет» деп түсіндірді.
Сайлау учаскелерінде санитарлық жағдайлар сақталып, келушілердің қызуы өлшеніп, антисептиктер қолданылды.
Маңғыстау облысы