2013 жылғы 18 қазан, Астана, Үкімет ҮйіҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы 2004 жылғы 4 қарашадағы № 1232 және «Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы» 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:1) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., 46, 582-құжат):көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ережеде:16-тармақта:орталық аппараттың функцияларында:111), 126) және 138) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:«111) ақпараттандьфу саласындағы ақпараттық жүйелерге, инвестициялық жобаларға аудит жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;»;«126) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалардың әзірленуін ұйымдастыруды жүзеге асыру;»;«138) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіруді жүзеге асыру;»;2) «Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 41, 365-құжат):1-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:«оларды дамытуға қатысу қүқығымен ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысу;».2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.