Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне, облыстық және қалалық мәслихатқа сайлау күні Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында жатқан жүкті әйелдер сайлауға белсенді қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында, яғни сайлау күні Маңғыстау облысы бойынша 49 сәби өмірге келді. Оның 23 ұл болса, 26 қыз балалар.
Мәселен, Ақтау қаласында 42 сәби, қалған 7 сәбиаудандарда жарық дүние есігін ашты. Айта кету керек, бұл күні егіз немесе үшем дүниеге келгенжоқ.
Ал ең жас ана 19-да болса, жасы ең үлкені 46-да. Барлық туғандардың ішіндегі ең салмағы аз сәби 1 келі 660 грамм, ал ең көп салмақ 4 келі 750 грамм болып туған.
Сол күні ата-аналар тарапынан өздерінің сәбилеріне Сайлау, Сайлаубек, Қаңтар сияқты есімдер бермеген.
Айта кету керек, перинаталдық орталықта жатқан 240 жүкті әйелдердің ішінде 235 белсенді түрде дауыс беріп, өздерінің таңдауларын жасады.
Маңғыстау облысы