• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қаңтар, 2021

Рим Папасы коронавирусқа қарсы екпе салдырады

556 рет
көрсетілді

Рим Папасы Франциск алдымыздағы аптаның басында COVID-19 қарсы екпе алуға ниетті. Понтифик бүгінде 85 жасқа толып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Сонымен қатар, Ватикан дінбасыларының басқа өкілдері де екпе алуға ниетті екендерін білдіріп жатыр. Рим Папасы Францисктің айтуынша, бұл әр адамның моральдық-этикалық парызы және ол екпе егуге қарсылық танытқандарды суицидалды шындықты жоққа шығарумен өмір сүретін адамдар деп баса айтты.

Ал Үндістанның алдында миллиардтан астам адамды екпемен қамтамасыз ету мәселесі тұр. Ел билігінің бұл соңғы онжылдықтағы ең ауқымды науқан екен. Мемлекетте 2021 жылдың шілде айына қарай 300 млн-ға жуық азаматқа екпе салу жоспарланып отыр. Алғашқылардың бірі болып екпені медицина қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметкерлері алады.

Сонымен қатар Испанияда қардың қалың жаууына байланысты кейбір өңірде жедел жәрдем жұмысы тоқтап қалған. Билік ауруханалардың электр қуатынсыз қалуынан қауіптеніп отыр. Бұл эпидемиялық ахуалдың нашарлауына алып келері хақ. Осы тұста Джонс Хопкинс Университетінің өкілдері Испанияда пандемия басталғалы 2 миллионнан астам адам індетті жұқтырса, 51,8 мың адам қайтыс болған екен.

Коронавирустық инфекциямен күрес аясында Францияның 8 департаментінде коменданттық сағаттың басталуы уақытын сағат 20:00-ден, 18:00-ге ауыстырды. Алдағы сейсенбі күнінен Жоғарғы Прованс Альпілері мен Вар департаменттерінде кеңейтілген коменданттық сағат енгізілмек. Осылайша, 15 департаменттен тұратын жаңа шектеу режимінің аймағы Францияның бүкіл шығысын, сондай-ақ елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының бір бөлігін қамтыды. Бірақ, ел билігі мемлекетте үшінші локдаунның енгізілуі жоспарланбағанын алға тартып отыр.