• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2021

Атыраудағы ауа райының қолайсыздығы электр энергиясының үзілуіне себеп болды

1271 рет
көрсетілді

Кеше, яғни 2021 жылдың 10 қаңтар күні 18:25 шамасында Атырау облысында күн райының қолайсыздығығынан  «Индер-Атырау» қосалқы станцияларында апаттық жағдай орын алды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы коммуникация қызметі орталығы.

Апаттық жағдай бүгін де өз жалғасын тапты. Бұл электр энергиясы жиілігінің төмендеуіне әкеліп, «KEGOC» желісінде пайда болған ақау салдарынан Ақтау қаласының 2, 3А, 3Б, 4 шағын аудандарында және Түпқараған ауданының елді мекендеріндегі кейбір нысандарында тоқ көзі уақытша ажыратылды.

Автоматика жұмысының нәтижесінде Маңғыстау мен Атырау облыстарының электр энергиясынан толықтай ажыратылуының алдын алынды. Қазіргі сағатта екі облыстың аумағында апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ күндізгі 15.40 шамасында №7,25,26,27 жоғары вольтты ұяшықтарының жөндеу жұмыстары аяқталып,Ақтау қаласындағы 1, 2, 3а, 3б, 4 шағынаудандағы ажыратылған электр желілері қалпына келтірілді. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Хамиев хабарлаған.

 

 

Маңғыстау облысы