• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қаңтар, 2021

Колонияда да түрлі кәсіпті меңгереді

462 рет
көрсетілді

Түрме – жазасын өтеу арқылы қайта тәрбиелеу орны. Жазасын өтеушілер абақтыда түрлі кәсіп меңгеріп, бұрын өз бойынан байқамаған шеберлік сынды қабілеттерін ұштап, жетілдіріп шығуы мүмкін. Сотталғандар жазасын өтеу барысында жер баптап, ағаш пен бау-бақша өсірсе, енді біреулері көздің жауын алатын күнделікті қолданысқа қажетті, сондай-ақ сәндік ағаш бұйымдарын жасап қуантады. Жуырда Маңғыстаудағы колонияда бұрын болмаған кәсіп түрі тұсауын кесіп, енді жазасын өтеушілер өз қолдарымен бәтеңке тігуді бастады.

Ақтаудағы ГМ-172/6 меке­месінде қолдан жасалған аяқкиім шығаратын цех ашылды. Бүгінгі таңда цехтың өндірістік қуаты айына 40 жұп аяқкиім шығаруға мүмкіндік береді. «Еңбек-Батыс» РМК кәсіпорнының аяқкиім цехына әзірге тек үш сотталушы жұмысқа орналастырылды, қазіргі таңда кәсіпорын өндірісті кеңейту туралы мәселені ойластыруда.

Цех басшысының айтуынша, олар жаңа өндірісті енді ғана игере бастаған. Барлық өнім былғарыдан және қолмен жасалады. Бір жұп қысқы аяқкиімнің бағасы шамамен 10 600 теңгені құрайды.

– Сотталғандардың өздері мұнда жұмыс істегенді ұнатады, өйткені бұл жаңа өндіріс, бұрын бұл мекемеде аяқкиім жасалмаған. Әрбір жеке данамен жұмыс жасай отырып, олар қазір модельдерді жақсарту үшін өз идеяларын ұсынады, кейде тіпті тәжірибе жасайды. Да­му­дың алғашқы кезеңдерінде біз өз өнімдерімізбен Маңғыстау об­лы­сы­ның қылмыстық-атқару жү­йесін барынша қамтамасыз ету мін­­детін қойдық. Жақын арада біз өндірістің өсуін және еркін на­рық­қа шығуды бақылай аламыз деп үміттенеміз, – деп жоспарларымен бөлісті РМК-нің өндіріс жөніндегі басшысы Ғани Юсупов.

Әрі жазасын өтеп, әрі қоғамға пай­­­­далы іспен айна­лысуына ­мүм­­кін­дік беру, сондай-ақ олар­дың бойындағы қабілетін оятып, шеберліктерін шыңдау – сот­тал­ған­дарды ізгі ниетке тәр­бие­леудегі, жақсылыққа ұмтыл­дыру­да­ғы зор еңбектердің бірі.

 

Маңғыстау облысы