• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы №234

346 рет
көрсетілді

2013 жылғы 12 қазан, Астана қаласы

«Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №37 бұйрығына өзгерісенгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына және «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес, бұйырамын:1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» № 37 бұйрығына, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6826 болып тіркелген, 2011 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану са­ласындағы тексеру парағының нысаны, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті белгіленген заңнама тәртібімен:1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын;3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасына жүктелсін.4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр М.ҚҰЛ-МҰХАММЕД.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 12 қазандағы №234 бұйрығына қосымшаҚазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 37 бұйрығымен бекітілгенНысанҚазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысаныТексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________________________________________________________________________________Тексеруді тағайындау туралы акт _______________________________________ (№, күні)Тексерілетін субъектінің атауы ____________________________________________________________________________________________________________Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ______________________________________Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) _____________________________________Субьектінің орналасқан мекенжайы _____________________________________№ Талаптар тізбесі Иә Жоқ 1 іс жүргізуге қойылатын талаптардың бұзылуы 2 көрнекі ақпараттар мәтіндерін орналастыру тәртібінің сақталмауы 3 азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілінің сақталмауы 4 құжаттама жүргізу тілінің қамтамасыз етілмеуі 5 актілердің мемлекеттік тілде қабылданбауы

Тексерудің аяқталу мерзімі: 20 жылғы « ____»______________Тексеруді жүргізген(дер): ___________ ___________ __________________ (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) ___________ ___________ ___________________ (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

Бақылау субъектісінің басшысы: __________ ___________ ___________________ (лауазым) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 12 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8898 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар