• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қаңтар, 2021

Қазақстанда зейнетақы екі есеге артады - жалған ақпарат

363 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде 2021 жылы зейнетақының екі есе өсетіні туралы жаңалық тарады. stopfake.kz бұл ақпараттың жалған екенін ескертеді, - деп жазады Egemen.kz

 

2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшерінің өскені рас, бірақ 50% емес.

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға асып түсті. Бұл ретте жасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5% артады. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап оның ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрайды. Нәтижесінде, базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 1 қаңтардан бастап 61 796 теңгені құрайды, – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында.