• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2013

Марста көне тұщы көлдің іздері табылды

261 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Марсты зерттейтін құрылғысы қызыл планетадан көне тұщы көлдің іздерін анықтады. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.

NASA ғалымдары Гейла кратерінен алынған топырақтың үлгісін зерттеп шықты. Үлгіде көміртек, сутек, оттек, азот пен күкірт секілді негізгі биологиялық элементтердің іздері табылды. Мамандардың айтуынша, Марста 3,6 млрд. жыл бұрын көл болған және онда тірі бактериялар тіршілік еткен. Дегенмен, олар әзірге Марста ешқандай тіршілік иесі байқалмайтынын алға тартады. «Біз Марста ешбір көне тіршіліктің белгілерін байқай алмадық. Алайда, Гейла кратерінде бұрын көл болғандығы белгілі болды. Сондай-ақ ол көл кезінде микробтардың тіршілік етуіне қолайлы болған көрінеді. Бұл Марс зерттеулерін ілгері жылжытатын үлкен қадам болып отыр», – дейді ғалымдар.

Бұдан бұрын Марсты зерттеуге арналған «Curiosity» құрылғысының арқасында қызыл планетадағы атмосфераның негізгі бөлігі 4 млрд. жыл бұрын құрып кеткені белгілі болды. Ғалымдардың айтуынша, жеңіл изотоптар ауырларға қарағанда атмосферадан оңай шығып кетеді. «Ал Марс атмосферасында ауыр изотоптар көп жиналған», – дейді олар.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Utro.ru

Соңғы жаңалықтар