Бұл туралы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева өзінің instagram парақшасында жариялады.
«Кеше мен Бурабайға бірінші рет бардым және ол жердің сұлулығын тамашалап, пайдалы уақыт өткіздім. Кішкентай арманым орындалды: сондағы көл үстінде сырғанадым. Көптен бері оймынан кетпей жүрген Димаш Құдайберген орындайтын «Біл» әніне мұз үстінде биледім», деп жазды ол.