• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қаңтар, 2021

Англия cоты Cтатиді Қазақстанға 3,7 млн доллар сот шығындарын өтеуге міндеттеді

119 рет
көрсетілді

Ұлыбритания соты Статиге Қазақстанға 3,7 миллион АҚШ долларынан астам сот шығындарын өтеуге міндеттеді. Бұл туралы Egemen.kz Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Анатол және Габриэль Статиге, сондай-ақ олардың Аском Груп СА және Терра Раф Транс Трейлинг Лтд компанияларына ("Cтати") қарсы дауда жаңа жыл Республика пайдасына шығарылған сот бұйрығымен басталды.

2021 жылғы 6 қаңтарда Англияның Жоғарғы Соты Статиге екі апта ішінде Республикаға және Қазақстан Ұлттық Банкіне 3,7 миллион АҚШ долларынан астам сот шығындарын төлеуге міндеттеді. Стати бұл бұйрықты даулайды деп күтілуде. Бұл шығыстарды өтеу туралы бұйрық Статидің 2020 жылғы көктемде өткен сот талқылауында ұтылуына байланысты, онда Жоғарғы Сот төрт күндік онлайн сот талқылауынан кейін Статидің Республикаға талап-арызы бойынша ҚР Ұлттық Банкі жауапты бола алмайды деп шешті.

Жоғары сотта істі қарау алаяқтық жолмен алынған төрелік шешімді көптеген елдерде орындауға тырысатын Стати әрекеттеріне Республиканың жалғасып жатқан қарсы шараларымен байланысты болды. Стати төрелік кезінде алаяқтығын жасырды, бірақ 2015 жылдан бастап оның дәлелдері біртіндеп шыға бастады. Осы дәлелдемелерді Делойт, ПрайсуотерхаусКуперс, профессор Джордж Берманн, профессор Кристоф Шройер, доктор Патрик Шольдстром сияқты әлемнің жетекші сарапшылары дербес бағалады. Англияның Жоғарғы соты сияқты олардың барлығы төрелік шешімді алу кезін қоса алғанда, Стати жүйелі түрде алаяқтықпен айналысты деген қорытындыға келді. Стати бұл дәлелдерді дауламай, оның орнына оларды бірқатар соттардың назарға алуына көбінесе заңсыз жолмен кедергі келтірген. Мысалы, алдыңғы швед ісіне қатысты, швед құқығының сарапшысы, қазір Свеа Апелляциялық сотының судьясы, доктор Патрик Шольдстром барлық дәлелдерді назарға ала отырып, Стати швед заңнамасы бойынша қылмыстық алаяқтыққа теңестірілетін әрекеттер мен жасырулар арқылы төрелік шешімге қол жеткізді, сондай-ақ, төрелік шешімнің күшін жою процесінде олар өздерінің швед соттарына шындықты айту туралы негізгі міндетін бұзды, сондықтан төрелік шешім орындалмауы керек деген қорытындыға келді.

Жоғарғы Соттың шығындарды өтеу туралы бұйрығы және оның негізі болып табылатын Қазақстанның сәуір айындағы жеңісі өткен жылы ҚР пайдасына шығарылған бірқатар сот шешімдерін толықтырады:

I. Маусым айында Стокгольм апелляциялық соты Қазақстан Ұлттық қорының активтеріне қатысты қате мәжбүрлеу шараларын алып тастады.

II. Қараша айында Брюссельдің апелляциялық соты Республикаға 2021 жылы толығымен қарастыру үшін Стати жасаған алаяқтыққа байланысты материалдарды ұсынуға рұқсат берді.

III. Желтоқсан айында Нидерланд Жоғарғы Соты Амстердам Апелляциялық сотының КМГ Кашаган Б.В.-дегі "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ акцияларына тыйым салу туралы шешімін жойып, істі Гаага апелляциялық сотына жіберді.

Жалпы былтырғы жылы Стати ісінде қол жеткізілген нәтижелерге қатысты Қазақстанның Әділет министрі Марат Бекетаев былай деді:

"Өткен жылы біз алаяқтық жолмен алынған төрелік шешімді орындауға тырысатын Статиге және оның серіктестеріне қарсы құқықтық күресімізде өте табысты болдық. 2021 жылы Стати мен олардың серіктестері жасаған алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және халықаралық ақшаны жылыстату түпкілікті әшкереленіп, әділдік барлық юрисдикцияларда орнайды деп күтеміз.”

Сонымен бірге, өткен жыл осы іске қатысты сот процестеріндегі жаңа ойыншылармен ерекшеленді. Маусым айында Республика Нью-Йорктегі қаржыгер Дэниел Чэпманға және онымен байланысты қаржы компанияларына қарсы сот ісін қозғап, оларды Статимен кең ауқымды алаяқтық жасау мақсатында сөз байласты деп айыптады. Жақында, желтоқсан айында Статидің инвесторларының бірі (Аутрайдер Менеджмент ЛЛС американдық хедж-қоры) ҚР арызына қосылды.

"Толкыннефтегаз" ЖШС банкроттық басқарушысы Гибралтар Жоғарғы сотына өзінің иегері Terra Trans Traiding Ltd компаниясына және Статиге қарсы талап арыз берді. Осы процесс шеңберінде Статиге қарсы процессуалдық шешім шықты, онда сот Статидің алаяқтық схемалары туралы барлық арыздар "нақты сәттілік перспективаларымен қарастырылатын маңызды мәселе" деп тұжырымдады.