• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қаңтар, 2021

47 жастағы әйелден коронавирустың 18 мутациясы табылды

694 рет
көрсетілді

Ресейдің жергілікті «Известия» басылымы ғалымдардың ғылыми болжамын жариялады. Зерттеу барысында олар науқастан SARS-CoV2 коронавирус инфекциясының 18 жаңа мутациясын анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Ғалымдар вирустың төртінші сатыдағы өзгеру лимфасын 47 жастағы әйелден тапты. Азаматша өткен жылдың сәуір айында коронавирус жұқтырған. Содан кейін ол 9 қыркүйекте COVID-19 сынамасын тапсырып, нәтижесі оң болып шықты.

Дегенмен, зерттеушілер материалдарды салыстыра отырып, оның денесінде вирустың 18 жаңа мутацияға ие болғанын байқады. Мутацияның екеуі S-ақуыз генінен және қалғандары даниялық күзендерден табылған.

Осыған орай СФУ Геномика және биоинформатика кафедрасының және Геттинген университетінің профессоры Константин Крутовский аталған белгілер бұған дейін Ұлыбританияда SARS-CoV-2 мутациясының табылғанын алға тартады. Алдын ала мәліметтер бойынша, жаңа түр жұқпалы болғанымен, өлімге дейін апаратын жағдайлары тіркелмеген.