• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 12 Қаңтар, 2021

Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы мен №1 клиникалық аурухана арасында меморандум түзілді

487 рет
көрсетілді

Келісімге сәйкес академия студенттері енді осы ауруханада тәжірибеден өтіп, біліктілігін шыңдайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Болашақ дәрігерлер практикадан өтіп қана қоймай, алдағы уақытта қаладағы емдеу мекемелерінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Бұл бағытта қалалық денсаулық сақтау басқармасы жас түлектерге қолдау білдіруге ниетті. Тәжірибесін шыңдап жүрген болашақ дәрігерлер қажеттілікке байланысты ауруханадағы медициналық қызметкерлермен бірге емдеу ісіне де қатыса алады.

Екі жақты келісім аясында медицина академияның кафедрасындағы профессорлық оқытушы құрам №1 қалалық клиникалық аурухана мамандарымен бірігіп, ауыр халдегі науқастарды емдеу үшін бірігіп консилиум өткізеді.

Ынтымақтастық негізінде мақсаты біліктілігі жоғары мамандар даярлауға басымдық беріледі. Бұл үшін ауруханада практикадан өтетін интеріндерді үздік дәрігерлер даярлап шығарады.