• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Елорда 12 Қаңтар, 2021

Елорда көшелерінен 4000 текше метрден астам қар шығарылды

180 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда қар жинау жұмыстары екі ауысымда жүргізіліп жатыр. Коммуналдық қызметтер әсіресе кешкі және түнгі уақытта қарқынды жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

11 қаңтардан 12-сіне қараған түні қаланың жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 300-ден астам арнайы техника мен 50-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды. Өткен тәулікте 14 500 текше метр қар шығарылды.

Бүгін, яғни 12 қаңтарда қала бойынша қар жинау жұмыстарына 900-ге жуық арнайы техника мен 2000-нан астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, жиналған қар елорданың аудандарында орналасқан он бір полигонға шығарылады. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото-және бейнекамералар орнатылған.