Қазақстандық хакер 2020 жылдың мамыр айында Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесіне кибершабуыл жасады. Осыған орай оған бірқатар айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК сілтеме жасап.
Ол мемлекетке жалпы сомасы 164 миллиард теңге шығын келтірген. Осыған орай билік 7901 мемлекеттік сатып алуды ауыстыруға мәжбүр болған.
Күдіктінің кінәсі толығымен мойындалды. Сондай-ақ тергеу барысында одан қылмыс жасауға қатысты құралдарды тәркілеп алды.
«2020 жылы 22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен сотталушыға ҚР ҚК 207-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы «Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникация желілерінің жұмысын бұзу» бойынша кінәлі деп танылды», делінген хабарламада.
Бұдан өзге, ол 3 жыл мерзімге электронды мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айырылды және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Әзірге үкім заңды күшіне енді.