Жетісулықтардың Тәуелсіздік күні қарсаңындағы бір қуанышы Талдықорған – Алматы арасындағы әуе жолының қайта ашылуы болды. Кеше JTU 6060 рейсімен алғашқы жолаушылар Жетісудың кіндік қаласынан оңтүстік астанаға аттанды.

– Осыдан 12 жыл бұрын ашылып, тоғыз ай екі қаланың ортасында әуе қатынасын орнатқан ұшаққа сұраныстың болмауына байланысты тоқтатылған еді. Енді Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановтың арнаулы шешімімен жаңғыртылды. Талдықорған – Алматы қалаларының ортасында 40-45 минут ұшатын «ЯК – 40» ұшағында 34 жолаушы орны бар. Жол ақысы 7500 теңге тұрады. Аптасына төрт рет дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндері Талдықорғаннан Алматығы JTU 6060 рейсімен ұшып, ал Алматыдан Талдықорғанға JTU 6061 рейсімен қайта келіп қонады, деді «Жетісу авиакомпаниясы» АҚ вице-президенті Петр Журавлев.
Қалааралық әуе қатынасының ұшу-қону уақыты белгіленген уақытта әуежай қызметкерлерімен хабарласқанымызда олар алғашқы рейстің сәтті болғанын, мұның Тәуелсіздік күніне арналған тарту екенін айтты.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.