• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2013

Қырғызстан парламентінің мерейтойына қатысты

250 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төраға­сы­­ның орынбасары Асқар Бей­сенбаев Қырғызстан Жогорку Кенешінің 75 жыл­дығын мерекелеу шараларына қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Қазақстан делегациясынан Асқар Бейсенбаев пен Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қор­ғаныс және қауіпсіздік коми­тетінің мүшесі Тұрарбек Аса­нов құттықтау сөз сөйледі. Олар Қазақстан Республикасы Парла­менті Сенатының Төрағасы Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың және Парламент Мәжілісінің Төраға­сы Нұрлан Нығматулиннің құттықтауларын оқып берді.

Қырғыз парламентінің мерейтойына байланысты Жогорку Кенеш депутаттарын құттықтаған қазақстандық парламентшілер екі елдің халықаралық парла­мент­аралық ұйымдар аясындағы және екіжақты өзара парламентаралық іс-қимылының маңызын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар