• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Тағайындау 14 Қаңтар, 2021

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

598 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен өңірлік мемлекеттік кірістер департаментін Жәнібек Нұржанов басқаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа басшыны облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды. Ол Жәнібек Нұржановтың жұмыс тәжірибесін атап өтіп, жұмысына табыс тіледі. Жәнібек Нұржанов 1972 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист-маркетолог» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы Өскемен қаласы бойынша салық қызметінің инспекторы болып бастады, сондай-ақ ШҚО бойынша салық комитетінде жұмыс істеді. 2000 жылдардың басында мемлекеттік кіріс министрлігінде еңбек етті. 2003 жылы Нұржанов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды. 2004-2012 жылдары Астана қаласының Алматы ауданы бойынша Салық комитеті басшысының орынбасары, Ақтөбе бойынша салық комитетінің бастығы, Қостанай бойынша салық басқармасының бастығы, Атырау облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды. 2012 жылдан 2014 жылға дейін Атырау бойынша салық басқармасын басқарды. 2014-2019 жылдары Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде департаменттерді басқарды.