• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2013

Қазақстан бастамалары қашанда маңызды

322 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Гвинея Республикасының Конакри қаласында өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлер кеңесінің (ИЫҰ СІМК) мерейтойлық 40-сессиясы жұмысына қатысты. Атап өтетін жайт, Қазақстан 1995 жылдың желтоқсан айында  осы қалада өткен СІМК 23-сессиясының барысында ИЫҰ-ға мүшелікке қабылданған болатын.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Гвинея Республикасының Конакри қаласында өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлер кеңесінің (ИЫҰ СІМК) мерейтойлық 40-сессиясы жұмысына қатысты. Атап өтетін жайт, Қазақстан 1995 жылдың желтоқсан айында  осы қалада өткен СІМК 23-сессиясының барысында ИЫҰ-ға мүшелікке қабылданған болатын.

СІМК сессиясында сөйле­ген сөзінде Е.Ыдырысов Қазақ­станның ислам мемлекеттеріне қатысты мән беретін мәселелердің маңызын атап көрсете келіп, Қазақстанның 2011-2012 жыл­дардағы Ұйымға төрағалығы Батыс елдері мен мұсылман әлемі арасындағы үнқатысуға жаңа серпін бергенін және исламофобиямен, сондай-ақ, антиисламдық стереотиптермен  күреске өзінің үлесін қосқанын айтып өтті.

ИЫҰ СІМК барысындағы талқыланған шешуші тақырыптар Палестина-Израиль жанжалын реттеу бойынша халықаралық күш-жігерлер, Сириядағы жағдай, Иранның ядролық бағдарламасы, Ауғанстанға ықпал ету, Малидегі ахуалды қалыпқа түсіру, т.б. көкейкесті мәселелер болды. Атал­ған тақырыптар Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының сөзінде де көрініс тапты: «Біріншіден, біз ИЫҰ-ның Сириядағы қантөгісті тоқтатуға шамасы келмей отырғанын қи­нала отырып мойындауға тиіс­піз. Өйткені, өкінішке қарай, Сирияның Ұйымға мүшелігі тоқ­татылған болатын... Екіншіден, Ауғанстандағы жағдай ИЫҰ күн тәртібіндегі аса маңызды пункт­тердің бірі болып қалуы тиіс... Үшіншіден, умма және бүкіл әлем үшін Иранның ядролық бағ­дарламасы басым мәселе болып қалып отыр. Қазақстан біздің ирандық бауырларды қоса алғанда, кез келген елдің өзінің бейбіт атом өнеркәсібін эко­номикалық қажеттілігін қа­нағаттандыру үшін дамытуға құқы бар екенін әркез мойындап келеді. Осыған байланысты біз Женевада Иран мен халықаралық келіссөзге қатысушы «алтылық» арасындағы Иранның ядролық бағдарламасы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды құптаймыз», деп мәлімдеді Е.Ыдырысов. Қазақстандық дип­ломат, сонымен қатар, ИЫҰ-ға қатысушы елдерді Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқына ие болу жолындағы күресте қолдау көрсеткендері үшін ризашылығын жеткізе келіп, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне тапсырысына да осындай деңгейде қолдау көрсетілетініне сенімін білдірді.

Шара шеңберінде Ислам Ын­тымақтастық Ұйымының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Жар­ғысына қол қою салтанаты өтті. Штаб-пәтері Астанада орналасатын ұйымның аталған жарғылық құжатына Қазақстан жағынан Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Мүслім Өмірияев қол қойды. Халықаралық жарғылық құжаттарды келісуде қалыптасқан ұзақ мерзімді пікірталастарға қарамастан, ИЫҰ-ға мүше мем­лекеттердің көптеген сыртқы істер министрлері СІМК сессия­сы барысында жаңа ұйымның құжатына қол қойып, Қазақстан бастамасына бірауыздан қолдау көрсетті.

Бұл ұйымды құру жөнінде Қазақстан басшысы 2011 жылы Астанада өткен ИЫҰ СІМК-нің 38-сессиясы барысында бастама көтергені белгілі. Аталған бастама Қазақстанның халықаралық азық-түлік хабына дәйектілікпен трансформациялануын көздейді.

Қазақстан басшысының бұл бастамасына Гвинея Республи­касының президенті Альфа Конде де оң бағасын берді. СІМК делегаттарына құттықтау сөз ар­наған Гвинея президенті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үдерісін институттандыру жөніндегі қазақстандық ұсы­ныстың көкейкестілігін атап өте келіп, Қазақстанның және Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өзінің жаппай қырып жоятын қаруды таратпау жө­ніндегі жаһандық үдерістерге қосып отырған үлесін жоғары бағалады.

Конакри қаласында болған кезінде Е.Ыдырысов Гвинея Пре­зиденті Альфа Кондемен, осы елдің сыртқы істер министрі Люсьен Фальмен жүздесіп, Марокко, Мали, Иран, Бруней, Камерун, Нигер, Мавритания, Сомали, Ливия, Буркина-Фасо, Гамбия, Сенегал, Алжир, Сьерра-Леоне, Комор аралдары және тағы басқа елдерді қоса ал­ғанда, ИЫҰ-ға мүше елдер деле­га­цияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының ИЫҰ-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлерімен келіссөздерінде төмендегідей маңызды мәселелер: сауда-экономикалық байланыс­тар, Қазақстан бизнесінің жаңа­ рыноктарға шығуының мүм­кіндіктері, халықаралық ұйым­дардағы ынтымақтастық, сондай-ақ, Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдау сияқты мәселелер қарастырылды.

ИЫҰ СІМК-нің екі күндік сессиясы аяқталған соң Е.Ыдырысов Эфиопияға аттанып кетті. Онда ол осы ел басшылығымен және штаб-пәтері Эфиопия астанасы – Аддис-Абеба қаласында орналасқан Африка Одағы басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізетін болады.

Сәулебек БІРЖАН.

Соңғы жаңалықтар