Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ГМ-172/6 мекемесінде аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні құрметіне арналған жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында шығармашылық кеш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында сотталғандарға Дінмұхамед Қонаевтың өмірбаяны, еңбек жолдары, игі істері мен жетістіктері, марапаттары, мақалалары мен кітаптары, есімі берілген жерлер бойынша дәріс оқылды.
Жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Нұрсұлтан Әтірхан дәрісте Дінмұхамед Ахметұлы өз заманында ұлы саясаткер бола білгенін, Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, еліміздің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңіргенін сотталғандардың назарына жеткізді. Сондай-ақ, атақты мемлекет және қоғам қайраткері ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала, атап айтқанда өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынғаны туралы баяндады.
Шығармашылық кештің екінші жартысында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Қанат Шамарданұлының ұйымдастыруымен, мекеменің асханасында дастархан жайылып, сотталғандарға палаудан дәм татты.
Іс-шара сотталғандардың патриоттық сезімін ояту және еліміздің танымал тұлғаласымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.