• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2021

Шымкентте 2021 жылы 67 705 Еңбек шартын енгізу жоспарлануда

227 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов атқарылған жұмыстарды және 2021 жылғы жұмыс жоспарын қала әкіміне баяндады, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Бауыржан Ахметәліұлы бекітілген индикаторлардың орындалуы, еңбек қатынастарын реттеу, жалақы қарыздарын жою, әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі, цифрландыру бағыттары бойынша жоспарлардан хабардар етті.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі бағытында бірқатар жобалар енгізілмек. 2020 жылы 48 жазатайым оқиға орын алып, оның ішінде 56 адам зардап шекті. 2018, 2019 жылдарға қарағанда бұл көрсеткіш біршама төмендеген. «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізуге тапсырма берілген болатын. Қазіргі таңда бұл жобаға 13 кәсіпорын қосылған. Сонымен қатар, өндірістік жарақаттануды айтарлықтай төмендетуге, жазатайым оқиғалар мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарының санын қысқартуға мүмкіндік беретін «Нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамасын кәсіпорындарда енгізу өзекті болып отыр. Қазір бұл жоба 14 кәсіпорында жүзеге асырылды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салада бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Қазіргі таңда жұмыс берушілер еңбек шарттарын электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Бұл бағыттта 2021 жылы 4457 кәсіпорын, 67 705 еңбек шартын енгізу жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 4612 кәсіпорын осы жүйеге қосылған болатын.