• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Президент 15 Қаңтар, 2021

Президент: Бәрімізді зор міндеттер мен ауқымды істер күтіп тұр

108 рет
көрсетілді

Бүгін Мемлекет басшысы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясында Қазақстан парламентаризмі ширек ғасырлық белеске жеткенін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Қ.Тоқаев: Біз қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі межесіне қадам бастық. Сондай-ақ қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмі ширек ғасырлық белеске жетті. Осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар ел үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет етеді деп сенемін", дейді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Президент өткен шақырылымның депутаттарына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылын білдірді.

"Бес жылға жуық уақытта Парламент қабырғасында 410 заң қабылданды. Депутаттар өздерінің заңға бастамашылық ету құқығын пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын дайындады. Жаңа депутаттар алдыңғы әріптестерінің осы қарқынын сақтай отырып, анағұрлым жемісті жұмыс істеуі қажет. Себебі бәрімізді зор міндеттер мен ауқымды істер күтіп тұр", дейді Қазақстан Президенті.