Мысырдағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған Тутанхамон перғауын қарындасының мүсіні табылып, Каирдегі музейге қайтарылды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Тамыз айындағы әскер мен исламистер арасында орын алған қақтығыстар кезінде белгісіз біреулер Мысыр астанасының Эль-Минья провинциясындағы Малави музейінен Тутанхамон перғауын қарындасының мүсінін ұрлап әкеткен. Полиция оны бірнеше айдан кейін Каирдағы Хан-эль-Халили базарындағы кофе дүкенінен тапқан. Дүкен иесі көне мүсінді сатып жібермек болған көрінеді.
Тутанхамон перғауын қарындасының мүсіні Малави музейіне қайтарылған 800-інші экспонат. Қалған 250 туынды әлі күнге дейін табылмай отыр.
2011 жылғы көтеріліс кезінде Мысырдан шетелге ондаған бағалы туындылар заңсыз жолмен шығарылған болатын. Мәселен, 2011 жылдың қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде Каирдегі музейден ұрланған көне мүсін Бельгиядан табылған. Сондай-ақ бірнеше көне ескерткіш Ұлыбритания мен Германиядан әкелінді. Ал өткен айда музейден ұрланған 90 экспонат Израилден табылды.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com