Бүгін Нұр-Сұлтанда қар жинау жұмыстарына 900-ден астам арнайы техника мен 2000-ға жуық жол жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
14 қаңтардан 15-іне қараған түні 17 313 текше метр қар шығарылды. Бірінші кезекте, ереже бойынша жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтарға көңіл бөлінеді.Естеріңізге сала кетейік, жиналған қар елорданың аудандарында орналасқан он бір полигонға шығарылады.
Қалада қар жинау 24/7 режімінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото-және бейнекамералар орнатылған.