Бүгін Таиландтың Паттани провинциясындағы мектеп маңында жарылыс орын алып, сегіз адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полиция ақпарына сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.
Жарылыстан оқытушыларды мектепке шығарып салып келе жатқан алты әскери қызметкер мен екі мұғалім жарақат алған. Жалпы Таиландтың оңтүстігінде мұғалімдер сепаратистердің басты шабуыл нысандарының біріне айналған. Олар оқытушыларды мемлекеттік билік өкілдері деп есептейді.
Таиландта сепаратистердің шабуылдары көбейе түсті. Сәрсенбі күні олар үкімет әскері мен полицияға шабуыл жасап, нәтижесінде алты адам қаза тауып, оны жарақат алған.
Соңғы он жыл ішінде Паттани, Наратхиват пен Яла провинцияларының Таиландтан бөлінуін көздеп жүрген сепаратистердің әрекетінен корольдіктің оңтүстігінде 5,5 мыңнан астам адам қаза болған екен.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com