Шығыс Қазақстан облысында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қаулыда өңір бойынша карантиндік шектеулер 31 қаңтарға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
«Санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар, жалпы үлгідегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернат қайта ашылады. Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында санитариялық-дезинфекциялық режімді сақтау жалғасады», делінген құжатта.
Білім беру мекемелерінде қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына рұқсат берілді. Бірақ ондағы келушілер саны 30 пайыздан аспауы тиіс.