• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қаңтар, 2021

Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты

740 рет
көрсетілді

Мәскеуге коронавирустан қорғауға арналған 10 миллионға жуық қолданылған медициналық қолғапты жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы мәскеулік прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша, шетелдік компания мен Жаңа Мәскеудегі коммерциялық ұйым арасында келісімшарт жасалған.

Оған сәйкес компания Ресейде сату үшін бір реттік винилді қолғаптарды жеткізуі тиіс болған. Прокуратура мәлімдемесінде кедендік декларациялар негізінде 9,9 миллионнан астам бір рет қолданылатын қолғап жеткізілгені айтылған.

Сондай-ақ, өнімдер мәлімделген сапаға сәйкес келмейтіні анықталды, қолғаптар бұрын қолданылған болып шықты.

Прокурорлық тексеру материалдары тергеу органдарына жіберілді. РФ ҚК 30-бабының 3-тармағы, 236-бабының 1- тармағы (санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзуға әрекет жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура тергеу нәтижелерін бақылауға алды.