• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2013

Алматыда неке сарайының директорына үкім шықты

373 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы «Жас отау» неке сарайының директоры Әлия Тұтқышеваның мүліктері тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Ә. Тұтқышеваның бұрынғы әріптесі Назым Мамырханованың да мүлкі тәркіленіп, 7 жылға тузету колониясында отыратын болды. Сот екеуінен «Жас отау» ЖШС пайдасына 105 млн. теңге төлем өндіруге қаулы шығарды. Мұнан өзге олар 1 млн. теңге көлемінде баж салығы мен сараптама жүргізуге жұмсалған 100 мың теңгеге жуық ақшаны қайтарады. Ал үшінші сотталушы Ғалия Тұтқышева уақытша оқшаулағышта 1 жыл отыруы себепті құлып астынан босату жөнінде қаулы қабылданды. «Сот шешіміне келіспейміз. Сондықтан біз белгіленген мерзім ішінде Алматы қалалық сотына шағым түсіретін боламыз»,-дейді Н. Мамырханованың адвокаты Аян Қарымханов.

Сот процесі кезінде Әлия Тұтқышева мен оның қарамағындағы екі қызметкер – мемлекеттік мекеменің бас маманы Ғалия Тұтқышева мен бухгалтер Назым Мамырхановаға 157 млн. теңге көлемінде ақша жымқырды деген айып тағылып, мойындарына қойылды. Ә. Тұтқышева сот шешімі шыққанға дейін үйқамақта отырған. Қалған екеуі уақытша оқшаулағыш абақтысына қамалған. Бірақ, үшеуі де өздеріне тағылған айыпты мойындамай отыр.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Соңғы жаңалықтар