• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 18 Қаңтар, 2021

Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар

63 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандар бойынша бүгінгі мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

18 қаңтардағы мәлімет бойынша,  24 875 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 570 пациент стационарда, 18 305 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 294 адамның жағдайы ауыр, 60 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.