• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2013

Қаскүнемнің ақыры

330 рет
көрсетілді

Алматы облысының тұрғыны қылмыстық жауапкершіліктен қашып, өз-өзіне қол салған.

Алматы облысының тұрғыны қылмыстық жауапкершіліктен қашып, өз-өзіне қол салған.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегі бойынша, бір жігіт Райымбек ауданының Шырғанақ ауылында 8-сынып оқушы­сын зорламақ болған. Бірақ 15 жасар қыздан қатты қарсылық көрген қаскүнем сол бойы қашып кеткен. Осыдан кейін қыз баланың анасы полицияға келіп, зорлауға әрекет жасалғанын жеткізген.

Хабар тиген бойда атқа қонған тәртіп сақшылары жәбірленушінің суреттеуі бойынша күдіктінің кім екенін тез анықтайды. Ол көрші Кіші Қарқара ауылының тұрғыны болып шыққан. Шырғанақ ауылында жүрген зорлықшы осы елді мекенде тұратын туысының үйіне барып тығылған. Бірақ бәрібір құтылмасын білген ол полицейлер келгенше сарайда асылып қалыпты.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар