«Қазгидромет» РМК алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оңтүстік циклон орталығы Каспий теңізінің үстінде, солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жауын-шашын түсіп, жел күшейеді. Ал солтүстікте боран, оңтүстікте көктайғақ болады.
21 қаңтарда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон жотасы әсер ете бастайды, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы түнде 22...30℃ дейін төмендеуі мүмкін.