• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қаңтар, 2021

Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті

134 рет
көрсетілді

Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте және үкіметтің барлық мүшелері отставкаға кетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Коммерсанть» басылымына сілтеме жасап.

Жақын арада үкімет басшысы король Виллем-Александрға петиция жолдайды. Содан кейін ол баспасөз мәслихатын өткізеді. Министрлердің отставкаға кетуіне балалар жәрдемақысына қатысты дау себеп болып отыр.

Volkskrant басылымының жазуынша, үкіметтің отставкаға кеткеніне қарамастан, наурыздағы сайлау белгіленген күні өтеді.

«ТАСС» агенттігінің хабарлауынша, бір ай бұрын Нидерланд парламенті тексеріс жүргізген, соған сәйкес елдегі көптеген ата-аналар балалар жәрдемақысы жүйесін асыра пайдаланды деп орынсыз айыпталған. Айыпталушы ата-аналар мемлекетке төленген жәрдемақыны қайтаруға мәжбүр болды. 9000-нан астам отбасыға жалған айып тағылды. 

Марк Рютте үкіметті 2010 жылдан бері басқарып келеді. 2006 жылдан бастап ол «Бостандық пен демократия үшін халықтық партиясының» жетекшісі.