• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2013

Қазақ ПЕН-клубында – жаңа басшы

1850 рет
көрсетілді

Белгілі көсемсөзші және аудармашы Бигелді Ғабдуллин Қазақ ПЕН-клубының президенті болып сайланды. Қоғамдық бірлестік мүшелерінің кеше болып өткен жалпы жиналысында осындай шешім қабылданды. Жиналысқа Қазақстанның облыстарынан, сондай-ақ, Ресей мен Франциядан жазушылар келді.

Белгілі көсемсөзші және аудармашы Бигелді Ғабдуллин Қазақ ПЕН-клубының президенті болып сайланды. Қоғамдық бірлестік мүшелерінің кеше болып өткен жалпы жиналысында осындай шешім қабылданды. Жиналысқа Қазақстанның облыстарынан, сондай-ақ, Ресей мен Франциядан жазушылар келді.

Бұған дейін аталмыш міндетті қазақ әдебиетінің классигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты Әбдіжәміл Нұрпейісов атқарып келген болатын. Бигелді Ғабдуллин көпшілікке публицист жазушы, газет ісінің ілкімді ұйымдастырушысы ретінде танымал. Кейінгі тоғыз жылда «Central Asia Monitor» апталығына басшылық етіп келеді. Сонымен қатар, ол «Радиоточка» мульти­медиалық порталына жетекшілік етеді.

Бигелді Ғабдуллин – көптеген көсемсөздік тол­ғамдардың, эсселер мен очерк­тер­дің авторы. Бірқатар қазақ жазу­шыларының шығармаларын орыс тіліне аударған. «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері.

Қазақ ПЕН-клубы 1993 жылы шығармашыл мамандықтар өкілдерінің зияткерлік ынты­мақ­тастығын кеңейту, халықаралық әдеби қоғамдастыққа қатысу, қазақстандық мәдениетті дамыту, қоғамдық санада биік ізгілік мұраттарын тәрбиелеу мақсатында құрылған. Ол кәсі­би әдебиетшілер мен жур­на­лис­терді біріктіреді. Қазақ ПЕН-клубы Лондондағы бүкіл­әлемдік жазушылар қауым­дас­тығы – Халықаралық ПЕН-клуб­тың мүшесі. ЮНЕСКО-да өз мәртебесі және БҰҰ-да кеңес­шілік мәртебесі бар.

Қазақ ПЕН-клубының сый­лығымен марапаттау рәсімі өтті. Бұл құрметке белгілі қазақ прозашысы Қажығали Мұханбетқалиев пен ресейлік жазушы және дипломат Борис Панкин ие болды.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

 

Соңғы жаңалықтар