• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қаңтар, 2021

Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

90 рет
көрсетілді

2021 жылдың 17 қаңтарында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

2021 жылғы 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Украина және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. 2 611 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 023 адам, анықтамасыз 588 ҚР азаматтары келді. Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 527 жолаушы, анықтамамен – 1 253, анықтамасыз - 274;Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 084 жолаушы, анықтамамен - 770, анықтамасыз - 314.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.2021 жылдың 16 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 431 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.