• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2013

Жайдары жүздесу

282 рет
көрсетілді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйымдас­тыруымен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қаламгер Әкім Тара­зидің шығармашылық кеші өтті.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйымдас­тыруымен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қаламгер Әкім Тара­зидің шығармашылық кеші өтті.

Сөйтіп, Әкім аға­мыздың шығармаларын құрмет тұтушы оқырман көркемсөздің тереңіне бойлатар қаламгер туындыларымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.

Әдеби сұхбат қаламгердің өмірі мен шығарма­шылығы туралы қызықты мағлұматтарды алға тартты. Салиқалы ой, жарасымды әзіл қатар өрбіді. Әкім ағамыз оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Жазушыға арнап ақындар Серік Тұрғынбекұлы мен Бақытжан Тобаяқ жыр оқыды. Сырлы шумақтар мен жылы лебізге толы өнегелі кеш көзді ашып жұмғанша сырғып өте шықты.

Кеш соңында Еуразия университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы сөз сөйлеп, Әкім ағаға денсаулық, шығармашылық табыс тіледі, оқу орны әзірлеген арнайы сыйлықты табыс етті. Ал студенттер Әкім Таразимен естелік суретке түсіп, абзал ағадан ақ бата алды.

Соңғы жаңалықтар