«Дарын» жастар сыйлығының иегері, III Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ақын Дәулеткерей Кәпұлының шығармашылық кеші өтті.
«Дарын» жастар сыйлығының иегері, III Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ақын Дәулеткерей Кәпұлының шығармашылық кеші өтті.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында өткен шараның тізгінін ақын Бақыт Беделхан ұстады. Осы кеште ақынның үшінші төл туындысы – «Шертолғақ» кітабының тұсауы кесілді.
Кешке «Хақтың құлы, Кәптің ұлының» шығармашылығын сыйлаған С.Қасқабасов, К.Әмірбек, Н.Сабильянов, Б.Смағұл, О.Асанова, Ұ.Есдаулет, С.Тұрғынбекұлы, Т.Әбдікәкімұлы, Ә.Асқаров сынды бірқатар зиялылар және Б.Имашев, Р.Заитов, М.Әуесхан секілді суырыпсалма ақындар қатысты. «Ақ жауын» мемлекеттік-камералық оркестрімен ашылған шара ақындардың өзара айтысымен қыза түсті. Өнер жұлдыздары: А.Елшібаева, Е.Айтбаев, З.Иманғазиева, Г.Бөкейхановалар ән шырқаса, А.Бекбосын өзі «Тау барысы» деп атаған ағасына «Айбарыс» күйін тарту етті. Жазушы Ә.Асқаров ақын інісіне «Қазақтың мың әні» атты кітабын сыйға тартса, Д.Кәпұлының кеудесіне ауған соғысының ардагері, Мәжіліс депутаты Б.Смағұлов «Бауыржан Момышұлы» төсбелгісін тақты.
«Балбал тастың жүрегі бүлк еткенде...» деп аталған шығармашылық кешінде көрермен Дәулеткерей ақынды сан қырынан таныды.
Кәмшат ЖҰБАТХАНОВА,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1-курс студенті.