Тәуелсіздік күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Саяси кеңес бюросы, Саяси кеңес және Орталық бақылау-тексеру комиссиясы – сайланбалы органдар мүшелерінің куәлігі салтанатты түрде табыс етілді.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Саяси кеңес бюросы, Саяси кеңес және Орталық бақылау-тексеру комиссиясының жаңа мүшелеріне куәлікті салтанатты түрде табыс етті.
Куәлік алған алғашқы сайланбалы органдар мүшелерінің қатарында Светлана Романовская, Анатолий Башмаков, Сауытбек Абдрахманов, Нұрлан Әбдіров, Оразкүл Асанғазы, Айткүл Самақова, Уәлихан Бишімбаев, Талғат Мұсабаев, Ольга Шишигина, Әкім Тарази бар.
Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясы сайланбалы органдар мүшелерінің жаңа куәлігін табыс етумен қатар, ескі партиялық билеттерді оның жаңа үлгісіне ауыстыруды жоспарлауда. Ауыстыру 2014 жылдан бастап кезең-кезең бойынша жүргізіледі.
«Егемен-ақпарат».