• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Медицина 19 Қаңтар, 2021

Үкімет басшысы ковидке қарсы дәрілердің қорына ревизия жүргізуді тапсырды

101 рет
көрсетілді

Жаңа тағайындалған ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мемлекеттік қызметкер антын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгінде ҚР-да инфекциялық төсек-орындардың жүктелуі – 32%, реанимациялық төсек-орындардың жүктелуі – 23%.

Отандық  QazCovid-in вакцинасы клиникалық сынақтардың III сатысынан өткізіліп жатыр (алдын ала тиімділігі – 96%). «Спутник V» вакцинасының сапасы аттестациялануда. GMP стандарты бойынша вакциналар шығаратын биофармзауыт құрылысы жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, Үкімет басшысы 1 ақпаннан бастап медицина ұйымдарының халықты жаппай вакцинациялауды бастауға дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

А.Мамин бір апта мерзімде инфекциялық ауруханалар мен бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы жеке қорғаныш құралдары мен ковидке қарсы дәрілердің қорына ревизия жүргізуді тапсырды.