Шығыс Қазақстан облысында шоқыну мейрамында 5 мыңнан астам адам суға шомылған, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі шоқыну мейрамында суға шомылғандардың дені – өскемендіктер (2 мыңнан астам адам). Ал Семейде – 507, Риддерде – 338 адам, Алтай ауданында – 476 адам шомылған.
«Карантин мен әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталды. Құтқарушылар, полицейлер жәге Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері сол жерлерде бақылау жүргізді. Ешқандай жазатайым оқиға тіркелген жоқ», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін учаскелерге 150-ден астам құтқарушы, 45 медицина қызметкері, 113 полицей мен 73 техника жұмылдырылған.