• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2013

Петропавлда тұрғын үй бағдарламасынан ши шықты

250 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына бөлінген қаржы талан-таражға түсті. Бұл туралы «КТК» телеарнасы хабарлады.

Шенеуніктер тұрғын үйдің дұрыс жөнделмегенін біле тұра, мердігер компанияның есеп шотына 1,7 млн.теңге аударып жіберген. Қазір қалалық әкімдіктің бірқатар қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әзірге олардың есімдерін құқық қорғау қызметкерлері атаған жоқ.

«Әкімшілік қызметкерлері маған тұрғын үй құрылысын басқа бір мердігерге тапсыруға итермеледі. Нақты айтқанда, Қанат Талғатұлы мен Мария Мұхтарқызы қатты қысым көрсетті»,-дейді ПИК төрағасы Владимир Хамдиев.

Бізге келіп түскен соңғы ақпарда қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болған Қанат Талғатұлы қызметінен босатылғаны жазылған. Енді құқық қорғау қызметкерлері көтерілген мәселенің ақ-қарасын ашу үшін барлық жауапты тұлғалардан жауап алатын болады.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «КТК» телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар