• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Қаңтар, 2021

Украина азаматы ұшақта темекі шеккені үшін жауапқа тартылды

182 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда Көлік полициясы 17 қаңтарда «Эйр Астана» әуе компаниясынан Киев – Алматы әуе рейсінінің бортында жолаушының темегі шегіп, құқық бұзып отырғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Тексеру барысында көлік полицейлері Украинаның 33 жастағы азаматын анықтады. Ер адам ұшақта отырғанда электронды шылым шегіп, ұшу қауіпсіздігі ережесін бұзған.

«Полиция қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 441-бабы 1-2-бөлігіне (Әуе кемесінің бортында темекі және (немесе) электрон сигаретін шегу) сәйкес, хаттама толтырды және 50 АЕК айыппұл салды», делінген хабарламада.

2020 жылы еліміздің көліктегі полицейлері әуе кемесіндегі түрлі құқықбұзышылық үшін 394 адамды, оның ішінде 34 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әкімшілік құқықбұзышылық үшін 93 миллион теңгеден аса айыппұл салынған.